meken-zhai
nomer
balayasli_4kz@mail.ru

Басшы туралы

   Педагогикалық  кеңеспен  бірге  белгіленген  тәртіпте  оқу   жұмыс   жоспарларын, негізгі (вариативтік, авторлық)  мектепке  дейінгі   білім  беру  бағдарламаларын, ішкі   тәртіп  ережелерін  әзірлеуді  және  бекітуді  ұйымдастырады.

Оқыту- тәрбиелеу  процесінде  тәрбиеленушілер  мен  ұйым  қызметкерлерінің                            өмірінің  қауіпсіздігі  мен  денсаулығын  сақтауға   қажетті  жағдайлар  жасайды.

Ұйымды  басқару   құрылымын  анықтайды,  қаржы,  шаруашылық,  ғылыми, әдістемелік  және басқа  да  мәселелерді  шешеді.

Тәрбиеленушілерді  тамақтандыруға  және    оларға    медициналық   қызмет   көрсетуге,   денсаулығын  сақтау  мен  нығайтуға  қажетті   жағдайларды  ұйымдастырады.

Оқу-материалдық  базаны  сақтау  мен  нығайтуды,  есеп  жүргізуді,  санитарлық-гигиеналық  тәртіптің,  еңбекті   қорғау   және  қауіпсіздік  техникасы  ережелерінің  сақталуын  қамтамасыз  етеді.

Кадрлардың   кәсіби  шеберлігін  арттыруға   жағдай  жасайды.

Мектепке  дейінгі   оқыту  мен  тәрбиелеу  ұйымының  мүліктері  мен   қаражатына   белгіленген  заңнамалық   тәртіппен,  иелік  етеді,  жыл  сайын құрылтайшылардан  түскен  қаржы  мен  оның  шығысы   туралы  есеп береді.